13.03.2023
Көктемгі күннің көзі сәулелерінің қыздыруынан өзендер мен көлдердің бетін жапқан мұздар тез ериді және оны өте қауіпті етеді.Күн сайын мұз жұмсақ, борқылдақ және бос болады. Бұл мұзды басуға болмайды. Көктемгі мұз бен қысқы және күзгі мұздың айырмашылығы болады. Егер күзгі мұз адам басқан салмағынан шатырлап, кауіп туралы ескертсе, ал көктемгі мұз алдын ала сықырлап жарылу дыбысын бермей, жүріп келе жатқан адамның астынан қопарылып құлайды.
Адам үшін қауіпсіз болып тұщы суда 10 сантиметрден кем емес ал тұзды суда 15 см. қалындықты мұз болып саналады.
Өзен сағасында және саласында мұз әлсіз келеді. Мұз жылдам ағыс орындарында, су бұрқақтап ағып жатқан және ағып жатқан жерлерде, сондай-ақ балдыр өсетін аудандарында, ағаштарға, көшет және қамыстарға жақын жерлерде әлсіз.
Егер 3 күннен аса ауа температурасы 0 градустан жоғары болып тұрса, онда мұздың беріктігі 25% төмендейді.
Мұздың беріктігін көзбенде анықтауға болады: мұз көгілдір түсті – берік, ақ – оның беріктігі 2 есеге кем; сұр, күнгірт-ақ немесе сары реңкті болса мұз осал.
Қатерге ұшыраған болсаңыз, не істеу керек:
Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз.
Мұз бөлінген жағдайда қолыңды екі жаққа созып, мұзға кеудемен немесе арқамен аяқты созып жатуға тырыс.
Су үстіне қалқып шығуға, немесе қалың мұз үстіне жүзіп баруға тырыс. Мұз үстіне алдымен бір аяқты, содан кейін екінші аяқты салу керек.
Егер мұз әлсіз болса, мұздың қалың жеріне аунап түсіп, жағаға қарай жылжу керек.
Келген жағыңызға қарай еңбектеу керек, себебі ол жердің мұзының мықтылығы тексерілген.