Алқалы басқару органдарының өкілдері:
Сарыкөл ауылы № 47 негізгі мектебі
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты әдеби кешінің сценариі
Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек
мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту,
адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани
асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету.Ұлы ақынның өнегелі
өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін,
мәнерлеп айтқызу.
Мектеп кітапханашысы Отызбаева Ақдидардың ұйымдастыруымен ақын шағармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде ақынның білім, ғылымның адамға пайдасы туралы айта отырып, ақын өлеңдері жігерлі жастың талпынатын арманы ғылым болу керегі жайында түсінідіріп шықты.
Қазақтың бас ақыны -Абайдың 175 жылдығына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты әдеби сазды кешін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейсенбаева Нұрлан Қоқашқызы ашты.
Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Сапарғали Қуанышбек Рамазанұлына берілді.
Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту арқылы адам болам деген жастардың бойында жақсы қасиеттерге үйір , жаман әдеттерден аулақ болып, талаптанып, талпыну,жоқ жітік кемтарларға көмектесу жайында өмір заңын естеріне ұстары хақ.
Ақын бейнесін сомдаған Саят атты оқушы ақынның заманы мен өзі сүріп отырған ортаның кемшілік қайшылықтарын өлеңдері арқылы жеткізді.
Қорыта айтқанда ақынның әдеби кеші арқылы оқушылар Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Артына өлмейтұғын мұра қалдырған ұлы данышпанның шығармаларымен оқшыны сусындатып отыру біздің міндетіміз деп ойлаймын.
Сарыкөл ауылы
№ 47 негізгі мектебі
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты әдеби кештің сценариі
Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек
мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту,
адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани
асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету.Ұлы ақынның өнегелі
өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін,
мәнерлеп айтқызу
Жүргізуші:
Дана Абайды
Қазақтың ақылына балаймын.
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,
Жан алаңы, мұңы бар — қазағы бар Абайдың.
Жүргізуші:
Арлы Абайды
Қазақтың қайраты деп ұғамын,
Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын,
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!
Жүргізуші
Сара Абайды
Қазақтың жүрегі деп білемін,
Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін?
Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,
Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім!
Жүргізуші
-Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар қауымы !
«Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев.Онан асқан бұрынғы-соңғы
заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ...»деген Байтұрсынов. Ендеше, Қазақтың бас ақыны- Абайға арналған «Жүрегімнің түбіне терең бола» атты әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
— Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
Жүргізуші:
— Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен, әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Абай лебі, Абай үні- ана тынысы, заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Ортаға Абай ақын шығады:
Көңілім қайтты достан да ,дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз жарым болмаса анда санда.
Пйда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
Мұнан менің қай жерім аяулы деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда.
Ендігі жұрттың сөзі ұрлық қарлық,
Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.
Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ,
Мейір қанып, міз болып қаунарлық.
Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,
Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр
Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі,
Не пайда, не залалды біле алмай жүр.
Жүргізуші:
Ұлы Абай 1845жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданына қарасты
Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген . Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер, Тобықты руының билеушілері болған.
Жүргізуші:
Әке үміті мен тәрбиесі босқа кетпей, ел билеу ісіне ерте іліккен Абай 12 жыл болыс, 6 жыл би болып қызмет атқарады.Ал, Абайдың поэзиясына көркемдік әлеміне үңілген сайын, адам жаны тебіреніп, сезім көкжиегі кеңейіп, бар болмысы сөзбен айтып жеткізе алмайтындай ләззат алады.
Жүргізуші:
Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән қасиеттерді бойына дарыта алған, адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды білеміз.Осыған орай, Абайдың алғашқы өлеңдерінің бірі «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне кезек берсек.
«Ғылым таппай мақтанба»
Жүргізуші:
Абайдың келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат лирикасына арналады. Олар: «Жазғытұры», «Қыс», «Күз», «Жаз» Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі.
Бұл өлеңдерде табиғат аясында сол табиғаттың ауа-райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі бейнеленген.
Абай өлеңдерінен үзіні: ортаға
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй ,-деп Абай атамыз өзі айтқандай «Желсіз түнде жарық ай» әніне кезек берсек.
Ортаға:
Жүргізуші:
Жүрегіне шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қанырған кім
Қастерлеп сөз асылын, өлеңімен
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
Жүргізуші:
Ерте оянып, ойланып ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жан, құбақан құм құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Ортаға Абай атамызды шақырамыз:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Жүргізуші:
Жаманға «жар» деген-ақ ,ән көрінер,
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп
Жабырқаған көңілің көтерілер,-деп Абайдың әні «Көзімнің қарасын» қабыл алыңыздар. Орындайтын Ақзада
Жүргізуші:
Шам-шырағы қазақтың –ұлы Абай,
Бағдарымсың бет түзер Құбыладай!
Ана тілдің арқасы, ұғып келем,
Желілерін ойыңның үзіп алмай.
Жүргізуші:
Талант таудың ұшпағы -ұлы Абай,
Таңдан, әлем, қазақтың ұлы қандай!
Әр тасыңнан бастау-ап, өлең-бұлақ,
Сыбдыр қаққан балбөбек тілі балдай.
Жүргізуші:
Қазақтың рухани кемеңгері, ойшылы, білім мен бостандық жолындағы
қажымас күрескері — Абай бұл күндері бүкіл адамзатқа ортақ тұлғаға айналып отыр.
Ортаға Абай атамызды шақырамыз.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас
Көп кітап келді алладан оның төрті
Алланы танытуға сөзі айрылмас.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті
Алланың , пайғамбардың жолындамыз,
Ынтамызды бұзбастық иманымыз
Пайда, мақтан, әуесқой шайтан ісі
Кәні біздің нәпсіні тыйғанымыз.
Алла ішімді айтқызбай біледі ойла,
Бендесіне қастықпен кінә қойма.
Распенен таласпа мүмин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық атын жойма!
Жүргізуші
Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен... деп, Абай атамыз айтқандай келесі сөз кезегін Абай өлеңдерінен нәр алған оқушыларға берейік
Ортаға:
Жүргізуші:
«Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,»,-деп Елбасымыз Абай мұрасына ерекше баға береді.
Жүргізуші:
Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген,өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен. Сол Абай аңсаған арманына жетіп отырмыз.
Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс.Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай данышпанымыздың 170 жылдығына арналған әдеби-сазды кешіміз аяқталды.Көңіл қойып, тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!