"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Сарыкөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Сарыколь отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

қамқоршылық кеңесі

Алқалы басқару органдарының өкілдері:

  1. С.Ж.Аширова  төрайым
  2. А.Д.Отызбаева  хатшы
  3. Э.Б.Турсунбаева
  4. Е.А.Тусбаев
  5. Д.К.Халаков
  6. Е.СЕйсенбаев
  7. Б.Е.Мылтықбаев
  8. М.Н.Жакупов
  9. Е.Р.Кожабаев

Біздің әлеуметтік желілер

 

 

 

 

 

Кітапхана

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 оқу жылының кітапхана бойынша өткізілген іс шаралар жарты жылдық есебі

«Сарыкөл ауылының негізгі орта мектебі”КММ

2024-2025  оқу жылының

кітапхана бойынша өткізілген іс шаралар жарты жылдық есебі

Негізгі мақсаты:
Оқушыларды кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру. Әдебиеттерді оқуға үйрету арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, тілін байытып, білімге деген ізденістерін қалыптастыру. Балалардың кітап оқуға деген ынтасын көтеру, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Кітапханада анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету.

Қыркүйек айында барлық сыныптарға оқулық таратылып берілді.
Жалпы мектеп тарапынан 100% оқулықпен қамтылды. Толық емес отбасылардан, көпбалалы, аз қамтылған балалар оқулықпен 100% қамтылды.
Кітапхана қоры ББК жіктеуімен орналасқан. Кітапханада 105 оқырман кітап алып оқиды. Кітапханада тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылған.
Әр жаңа оқу жылының басында оқырмандарды қайта тіркеу жүргізіледі. Тіркеу номері оқырманның формулярына түсіріледі. Айдың соңында кітапханаға келген оқырман саны есептеледі. Оқырмандарға үнемі қызмет көрсетіледі. Кітап таңдау жағдайында кеңес беріледі.

Мектеп кітапханасының кітап қоры
Кітап қоры –3421
Оқулықтар – 1379
Көркем, салалы әдебиет –                                                                                                   2042

Электронды оқулық – 3
Оқулықпен қамтылуы – 100%
Оқырмандар саны –                                                                                                                 75

Кітапханаға келу саны – 420
Кітап берілімі –                                                                                                                      805

Қыркүйек айында бастауыш сынып оқушыларына «Кітапханаға саяхат» тақырыбында  мектеп кітапханасына саяхат жасалып кітапханамен таныстырылды. Кітапхананың ережесі туралы айтылды. Кітапханада қандай кітаптар бар екендігі айтылды. Негізгі мақсаты: оқу мәдениетін қолдау және дамытуға, рухани мұраны сақтауға жәрдемдесу болып табылады.
«Жаңа топтама» мектеп кітапхасының қорына келіп түскен көркем әдеби  кітаптардан көрме ұйымдастырылып мектеп оқушыларына таныстырылды.

Мақсаты: мектеп оқушыларының кітапқа, кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. 
Тілдер күні мерекесіне орай «Жарық жұлдыздар» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Шоқан Уәлихановқа 190 жыл.“Шоқтығы биік -Шоқан” Сапарғали Бегалинге 130 жыл. мәліметтер, өмірі мен шығармашылығынан үзінділер мен кітаптары қойылып көрме ұйымдастырылды. Оқырмандарға шолу жүргізілді.

 

«Тілім менің тірегім» атты кітапханада тілдер күніне орай іс шара өткізілді.

 

Қазан айы
«Жарқын жүзді ұстазым» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Ұстаз туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
Оқуға құштар мектеп аясында бастауыш сынып  оқушыларымен «Әжемнің ертегілері» кітап оқу сағаты жүргізілді. Мақсаты: кітап оқуға, кітап арқылы өзін дамытуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал ету.
Кітап оқу сағаты бойынша бастауыш  сыныптар кітапханаға келіп кітап оқыды.
«Кітап керуені» мектеп кітапхасының қорына келіп түскен көркем әдеби  кітаптардан көрме ұйымдастырылып мектеп оқушыларына таныстырылды. Мақсаты: мектеп оқушыларының кітапқа, кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. 
 25 қазан Республика күніне орай  жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ҚР туралы кітаптар қойылып оқырман қауымына таныстырылып, шолу жүргізілді.


Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Мен және менің отбасым» демалыс кезінде отбасы мүшелерімен бірге кітап оқу. Негізгі мақсаты: отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру, оқуға құштар оқырман қалыптастыру, кітап оқуға баулу.
«Кітаптар әлемінде» мектеп кітапханасына келіп түскен жаңа көркем әдебиет оқулықтарымен таныстыру ұйымдастырылды. 
«Менің сүйікті кітабым» ақпараттық сәт бұл жерде оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы айтып берді. 
 

 

 

Қараша айы
Оқулықтардың тазалығын тексеру рейді жүргізілді. 
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күнінде сурет көрмесі жасалды. Оқушылар банкноттардың суреттерін салды.
Кітапхана қорын түгендеу жұмыстары жүргізілді. «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында Ыбырай Алтынсариннің «Кел,балалар оқылық» атты кітап көрме өткізілді.

 


Желтоқсан айы
Тәуелсіздік күні. «Тәуелсіздік ел тірегі білімді ұрпақ» тақырыбында барлық оқырмандар үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: Әр халықтың жүрегіне жақын, заманалық мән-мағынасы бар қастерлі де қасиетті мерекесі болады. Сол сияқты қазақ халқының ең басты мерекелерінің бірі – ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік күні екенін түсіндіру. Көрмеде «Қазақстан Республикасының рәміздері», «ҚР Конституциясы», «Қазақтың Ата Заңдары», «Менің Отаным - Қазақстан», «Қазақстан» эциклопедиясы, «Тарихи тұлғалар», «Жетісу», «Қазақстан» фото-альбомы кітаптары орын алған. Көрмеге шолу жүргізілді.
«Салауатты өмір көтеріңкі көңіл!» мектеп медбикесімен бірге пайдалы кеңес сағаты   өтті.


Текст