Алқалы басқару органдарының өкілдері:
Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында болдырмау шараларын қарау. Жоспарланған кездесу іс-шара Сарыкөл ауылы, №47 негізгі мектебінде өтті. Осы мақсатта бір аптаға созылған «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясы шеңберінде өңірдің тәртіп сақшылары мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді. Бұл акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилакциясы, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. 5-9 сыныптарда «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мектеп психологы Сәкенова Анар, әлеуметтік педагог Смаилова Мархабат оқушылармен жұмыс жасап, жол қозғалыс ережелері, өрт қауіпсіздігі, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу үшін көзделетін жауапкершілік туралы дөңгелек үстелде талқыланды. Дөңгелек үстел басында ең өзекті мәселелер: бала құқықтары туралы, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзін-өзі ұстауы, егер жасөспірім қиын жағдайға тап болған жағдайда не істеу керек деген тақырыптар мен бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі мәселелері талқыланды. «Адам құқығы әрбір адам үшін және жалпы ел үшін маңызды. Алайда, адам құқығы мен бостандығы қамқорлықты қажет етеді. Бала жастан өз құқықтарын пайдалана отырып, өзге адамның құқығына қол сұқпауға, заңды шеңберден шықпауды үйрену керек» екені айтылды. Дөңгелек үстелге барлық оқушылар белсенді түрде қатысты, сұрақтар қойды және оларға түсіндірме жауаптар берілді. Балалар өз құқықтары мен міндеттерін, заңдарды неғұрлым өмірдегі жолдары жақсы болады және қазіргі заманғы күрделі қоғамдық қатынастар ортасында өздерін сенімді ұстай біледі.