Алқалы басқару органдарының өкілдері:
Биыл елімізде 500мың оқушыға арналған екі жүзден астам мектеп салынады. Үш жылда 1300 ,соның ішінде ауылдағы 900 білім ордасын жаңғырту қажет. Жаңа оқу жылына дейін мемлекеттік және жекеменшік мектептің барлығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс.
Жастардың мүмкіндігін арттырып,кәсіби бағыт-бағдар беруге баса назар аудару қажет.Олардың сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды меңгеруіне жағдай жасау керек.Жастардың заман талабына сай білім алуын қамтамасыз ету үшін Үкімет пен облыс әкімдігі қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашуға кірісуі қажет.
Демократиялық моральдық делініп жүрген құндылықтар,оның ішінде ЛГБТ көптеген елге ондаған жыл бойы күшпен таңылып,соның желеуімен халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар арқылы мемлекеттердің ішкі ісіне ашық араласу белең алады. Оның түпкі мақсаты бар болғаны ұрлық,яғни сан миллиардтық бюджетті қалтаға басу екен.
Спортты насихаттау,оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу-ұлт саулығының кепілі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзінен.