Алқалы басқару органдарының өкілдері:
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы юлйынша білім бөлімі Сарыкөл ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2020-2021 жылғы оқу жылында 2021 жылы 2-12 ақпан аралығында өткен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндік есебі
Іс- шараның өткізілу мақсаты: адамның рухани- адамгершілік әлеуетін арттыруға , құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамыту. Мектебімізде осы мақсатты іске асыру үшін мынадай іс- шаралар өткізілді:
Рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваға арналған «Мейірімге толы жүрек» атты сынып сағатын 3-сынып жетекшісі А.А. Абжалиева өткізді,
Мектеп кітапханашысы Отызбаева А. Д. «Өзін өзі - тану» бағдарламасы авторы мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагогтардың автор туралы жазған еңбектері туралы айтып берді.
4-сынып жетекшісі Сакенова А. Ж. «сыйластық », «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «Өнеге отбасынан» тақырыбында сынып сағатын өткізді.Оқушылар отбасы жарастығы, татулығы және отбасындағы жағымды қарым –қатынас , өзара сыйластық туралы мағлұмат алды.
6-сыныпта ғы «Мейірімділік – жүректі жылытар» сабағының тақырыбының мақсаты оқушылардың жақсылық, қайырымдылық, ізгілік, мейіріміділік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту болды
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары қойылып, көрме ұйыдастырылды. Көрмеге ана, қайырымдылық, достық, бейбітшілік туралы суреттері, ашық хаттары мен жазған эсселері қойылды.
Оқушылардың онкүндік барысында өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның өмірімен танысты және әртүрлі іс-шаралар арқылы отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда, үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, ізгілік туралы құндылықтарды тереңірек ұғынуына септігін тигізеді деп ойлаймын.