Алқалы басқару органдарының өкілдері:
Сарыкөл ауылының негізгі мектебінде қыркүйектің 6-нан 20-на дейін Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесіне арналған онкүндіктің өтілуі жайында мәлімет
Қыркүйктің 6-нан 20-на дейін Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесіне арналған «Тілім барда қазағым бар,халқым бар» тақырыбында онкүндік өтті. Онкүндіктің мақстаы: оқушылардың Қазақстан мемлекетінің мемлекеттік тілі қазақ тілі туралы түсінігін, оның қоғамдық өмірдегі алатын орнын, мәртебесі жайлы ойларын тереңдету болды.
6 қыркүйек күні мектепте Қазақстан халықтарының Тілдері күніне арналған «Тілім барда қазағым бар, халқым бар» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы болды
7 қыркүйек күні Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына араналған «Рухани тұлға» , «Язык пост дружбы» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды
8 қыркүйек күні мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ақын-жазушылардың тіл тақырыбында жазған нақыл сөздері мен ұлағатты сөздер жазылған бүктемелер мен кітап сөрелері қойылды.
9 қыркүйек бастауыш сынып арасында «Тіл-ұлттың жаны» тақырыбында сайыс сабақ өтті. Сайыс сабақта оқушыларды ана тілі туралы өлеңдер мен нақыл сөздері оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын даму мақсатында жүргізілді.
13 қыркүйек күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнап «Рухани тұлға» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында оқушылар Ахаң еңбегі туралы, істеген ісінің жемісі, Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілік ұраны «Қырық мысал» тағы да басқа да қазақ баласына істеген еңбегі, өнер, білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты туралы естеліктер айтылып, ақынның шығармашылығынан бірнеше өлеңдер оқылды, көріністер қойды.
14 қыркүйек күні Қазақстан халықтары тілдері күніне арналған орыс тілінде «Язык-ключ к познанию души народа» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Онда оқушылар екі тілде өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, әр тақырыпта жұмбақтар шешті.
15 қыркүйек күні 5-6-сыныптар арасында «Тіл білгірлері» атты сыныптан тыс сайыс сабақ өткізілді.Сабақтың мақсаты: ана тілінің қадір –қасиетін түсіне білуге , ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету, сұраққа тез жауап беруді меңгерту, логикалық ойлау қабілеттерін ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту. Сакйыста жеңімпаз оқушылар марапатталды.
16 қыркүйек күні «Ағылшын тіл-әлемдік тіл» тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді . Сабақта ағыдшын тілінде сөзжұмбақтар, тіл тақырыбында өлеңдер оқылды.
Қорыта келгенде онкүндікте оқушылар ана тілі туралы өлеңдер, нақыл сөздер арқылы сөйлеу тілін дамытып, мәнерлеп оқи білу арқылы ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білді. Өткізілген іс-шаралар арқылы әр бала санасына елін, жерін сүюді құрметтейтін патриоттық сезім ала білді деп ойлаймыз.