Алқалы басқару органдарының өкілдері:
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жылІ 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптасты
Желтоқсанның ызғары да, қатып калған мұздары да, қазақ жастарын қорқыта алмады, қайсарлықпен бодандыққа қарсы тұрған желтоқсаншы жастарға бас иеміз! Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда, бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақстанды бүкіл әлем таниды десек қате айтқанымыз емес. Аз уақытта бойын тіктеп, басқа шет елдерге үлгі бола білген еліміздің 30 жылдығы, 30 жасы құтты болсын қазақ елі! Қазақтығымыз бітпесін, азат күніміз бітпесін! Қазақ тіліміздің тұғыры берік боп, елдігіміз жандана берсін! 30 жылдығың 100 жылдыққа ұласып, шаттығың мен бақытың ортаймасын! Қазақ елі жасай берсін! Қазақстан жасай берсін!