Алқалы басқару органдарының өкілдері:
Ақпанның 21-нен 25-не дейін мектепте қазақтың халық ақыны Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына байланысты іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: ақынның өмірімен жан-жақты таныстыру,шығармашылық жолынан мәлімет беру. Шығармашылығы арқылы адамгершілікке, елін сүюге, қарапайымдылыққа және адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Қаңтардың 21 күні Ә.Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған іс-шара салтанатты түрде ашылды.
22 қаңтар күні «Ә.Тәжібаевтың ақындық әлемі» тақырыбында өмірі мен қызметі жайында көрме ашылды. Көрмеде оқушылар ақынның өлеңдері мен бірнеше шығармалары,ақынның аударған аудармаларымен және драмалық шығармаларымен танысты.
23 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында «Шабытым жайсын қанатым» тақырыбында 1-4-сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.
24 қаңтар күні «Арманы бар жұлдызымның-өлмейтін» тақырыбында 5-9-сынып аралағанда әдеби кеш өтті. Кеште оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысты. Өлеңдерін жатқа оқыды. Ақынның шығармалары бүгінгі жас ұрпаққа үлгі –өнеге болды.
25 қаңтар күні «Сырда туған жаңа Гейне мен болам...» тақырыбында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 4-5-сынып оқушылары қатысты. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына 15 оқущы қатысты. 4-сынып оқушысы Тауекел Асылхан 1-орынды ,2-орынды Рамазан Елнұр,3-орынды Балмағамбет Айя иеленді.
Ақын тірі рухы оның өлмейді,
Өлді деуге заман енді көнбейді.
Шоқ жұлдыздар арасынан жарқырап,
Шолпаны оның сөнбейді,еш сөнбейді!- деп ұрпақтары тебірене толғайтын ақын рухы мәңгілік.Өзі өлгенімен , жырлары бізбен бірге, болашаққа да жарқырап жол тартып бара жатыр. Әбділда атамыздың өмір жолы мен шығармашылық жолын жас ұрпаққа таныстыру арқылы олардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттері қалыптасуына ықпал етеді деп ойлаймыз.