"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Сарыкөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Сарыколь отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

қамқоршылық кеңесі

Алқалы басқару органдарының өкілдері:

  1. С.Ж.Аширова  төрайым
  2. А.Д.Отызбаева  хатшы
  3. Э.Б.Турсунбаева
  4. Е.А.Тусбаев
  5. Д.К.Халаков
  6. Е.СЕйсенбаев
  7. Б.Е.Мылтықбаев
  8. М.Н.Жакупов
  9. Е.Р.Кожабаев

Біздің әлеуметтік желілер

 

 

 

 

 

Кітапхана

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы есеп

07.02.2023

2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Ақмола облысы Білім басқармасы Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Сарыкөл ауылының негізгі орта мектебі" КММ қызметі туралы Есеп

 

  1. Жалпы ережелер
  1. Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Сарыкөл ауылының негізгі орта мектебі" КММ;

Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Сарыкөл ауылы, Бейбітшілік көшесі 19

      2. Мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер:

Сарыкөл ауылындағы негізгі орта мектебінде 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2022 жылы 31 қызмет көрсетілді:

«Электрондық үкімет порталы» арқылы 31 қызмет көрсетілген;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет – 10;

қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 21.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2021 жылы 12 қызмет көрсетілді

«Электрондық үкімет порталы» арқылы 12 қызмет көрсетілген;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет – 5;

қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 7.

 

 

3. Сұранысқа ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау"- 11

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" – 20

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат Сарыкөл ауылының негізгі орта мектебінің ресми интернет ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен ережелері бар. Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2022 жылы Сарыкөл ауылының негізгі орта мектебі БАҚ және әлеуметтік желілерде  1 мақала жарияланып ,  1 дөңгелек үстел өткізілді. Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және жылдамдату нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 2 жеделдетілген мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап ҚР БҒМ ММ АЖО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесі жұмыс істейді, онда қолжетімді 3 мемлекеттік қызмет бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен, қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген қызметкерлер көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында барлық бақылау іс-шаралары ҚР заңнамасын сақтай отырып, мерзімінде орындалады.

    2023 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Сарыкөл ауылының негізгі орта  мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Директор: Қ.Р.Сапарғали

 

 

 

Просмотров: 4025


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст