"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Сарыкөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Сарыколь отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

қамқоршылық кеңесі

Алқалы басқару органдарының өкілдері:

  1. С.Ж.Аширова  төрайым
  2. А.Д.Отызбаева  хатшы
  3. Э.Б.Турсунбаева
  4. Е.А.Тусбаев
  5. Д.К.Халаков
  6. Е.СЕйсенбаев
  7. Б.Е.Мылтықбаев
  8. М.Н.Жакупов
  9. Е.Р.Кожабаев

Біздің әлеуметтік желілер

 

 

 

 

 

Кітапхана

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі » тақырыбында өткен іс-шара

25.11.2020

Сарыкөл ауылы №47 негізгі мектебі

2020-2021 оқу жылы

2020 жылдың 23 қараша Жалпыадамзаттық құндылықтар күнін  «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі»  тақырыбында өткізу жоспары

Мақсаты: адамның рухани- адамгершілік әлеуетін арттыруға , құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамыту.

р/с

Өткізілетін іс-шара

Жауапты

1

Ашылуы.  «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі»  (бейнеролик)

Сапарғали Г.А.

2

Рухани -адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптарды таныстыру

Отызбаева А.Д. Кітапханашы

3

« Сүйіспеншілік әрбір жүректе»  шаттық шеңбері

1-сынып Есмагамбетова С.С

4

«Әрдайым көмектес, ешқашан зиян келтірме!»Сурет көрмесі

3- сынып

Абжалиева А.А.

5

«Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!»  шығарма

8-9 сыныптар Дюсекова М.С.

Искакова А.Х.

6

Дұрыс әрекет құндылығы .«Әдепті бала- арлы бала» өлең байқауы

2,4  сыныптар

Қазымбек С.Қ.

7

«Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында  ата -аналарға арналған  дәріс (онлайн WhatsApp)

Сакенова А.Ж.

Мектеп психологы

8

Қорытынды. «Жүрек қуанышы » атты оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі.

1-9 сыныптар Сапарғали Г.А.

 

 

 

Өзін -өзі тану  пәні мұғалімі: Сапарғали Г.А

 

Сарыкөл ауылы №47 негізгі мектебінде 2020-2021 жылғы оқу жылында               2020 жылы 23 қарашада Жалпыадамзаттық құндылықтар күні  «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі » тақырыбында өткен іс-шара есебі

Іс- шараның өткізілу мақсаты: адамның рухани- адамгершілік әлеуетін арттыруға , құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамыту. Мектебімізде осы мақсатты іске асыру үшін мынадай іс- шаралар өткізілді: «Жалпы адамзаттық құндылықтар- бақытты өмір негізі» сыныпта оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, оқушылармен әр құндылық талданып, өз ойларын айтты.

 

 

Мектеп кітапханашысы Отызбаева А.Д.  5- сынып оқушыларына рухани -адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптарды таныстырды. Оқушыларға кітап адамзаттың білімі мен даналығының көзі екенін , яғни кітаптың адам өміріндегі рөлін айтып берді.

 

3 сынып жетекшісі Абжалиева А.А. «Әрдайым көмектес, ешқашан зиян келтірме!»  тақырыбында оқушылар сурет салып, көрме ұйымдастырылып, басқа адамдарға, жан-жануарларға, табиғатқа,жанашырлық танытып, көңіл бөлу керектігі туралы түсіндірілді.

 

1-сынып оқушылары «Сүйіпеншілік әрбір жүректе » атты шаттық шеңбері арқылы тату қарым-қатынас,ұйымшылдық, бірліктің ,достықтың  маңызы айтылды.

 

 

«Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!» тақырыбында   8-9 сынып оқушылары шығарма жазды. Шығармаларында  оқушылар  адалдық адамның ең басты құндылығы екендігін және жағымды ойлап, адал, шыншыл болу  туралы жазған.

 

 

Дұрыс әрекет құндылығы  төңірегінде  2 және 4- сыныпта  «Әдепті бала- арлы бала» өлең байқауы өтті. Өлеңдердің мазмұны  ар- ұжданмен әрекет ету, ешкімге зиян келтірмеу және тәртіп туралы болды.Байқау жеңімпаздары анықталды.

 

Мектеп психологы Сакенова А.Ж. «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында  ата -аналарға арналған  дәріс  (онлайн WhatsApp) өткізді.

 

Осы күнге жоспарланған іс-шара болашақта оқушылардың өзін және қоршаған әлемді тануға, ұғынуға көмектеседі. Жалпыадамзаттық құндылықтар күні «Жүрек қуанышы » атты оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесімен қорытындыланды.

 

 

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст